Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысушы спортшылар мен бапкерлерді Париж Олимпиадасындағы жетістіктерімен құттықтап, әрбір жеңіс зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі екеніне назар аударды.

Malim Админ

  • 27.08.2024

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің жеңісіне ерекше тоқталды.

– Ол байрақты бәсекенің алғашқы күндері Жақсылық Үшкемпіровтің даңқты жолын жалғады. Ел тарихында тұңғыш рет дзюдодан Олимпиаданың алтын медалін алды. Елдос бауырым, сен Олимпиадаға аттанар алдында маған және барлық спорт жанкүйерлеріне бар күш-жігерімді жеңіске жету үшін жұмсаймын деп уәде бердің. Сөзіңде тұрдың. Нағыз жігітсің! Біз бәріміз сені мақтан тұтамыз. Шын мәнінде, қатарынан үш рет Олимпиада жүлдегері атану – нағыз чемпионның қолынан келетін ерлік. Сенің жеңісті жолың спортшыларымызға жігер берді, барша халқымызды қуанышқа бөледі, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев төртжылдықтың додасынан жүлдемен оралған өзге спортшыларға, бапкерлер мен атлеттерді дайындауға үлес қосқан азаматтарға алғыс айтты.

– Нариман Құрбановтың күміс жүлдесін тарихи жетістік деуге болады. Гимнастика шеберлері тұңғыш рет Олимпиада биігін бағындырып отыр. Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай тамаша өнер көрсетті. Мергендеріміз Александра Ле мен Ислам Сәтбаев нысана көздеуден қола медаль алды. Бұл – 28 жылдан бері еліміздің осы спорт түрінен алған алғашқы жүлдесі. Балуан Ғұсман Қырғызбаев пен боксшы Назым Қызайбай жүлдегерлер қатарына қосылды. Жалпы барлық мемлекет Олимпиадаға ең мықты спортшыларын жібереді.

Шын мәнінде, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, әлемдік бәсекеде жеңіске жету оңай емес. Мұндай жаһандық додада ел қоржынына түскен әр медальдің орны айрықша. Сондықтан бүгін мен Олимпиада жүлдесіне ие болған барша спортшыларымызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Жеңіс жолында спортшы ғана емес, сол саланың көптеген мамандары да тер төгеді.

Мен бапкерлерге, спортшыларды дайындауға үлес қосқан басқа да кәсіп иелеріне алғыс айтамын. Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары жұмысқа жаңа серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды қадам жасады. Жауапты сәттерде спортшыларымыздың қасында болып, қолдау көрсетті. Ұлттық Олимпиада комитеті бастаған істі жалғастырып, алдағы уақытта нақты нәтижеге жетеді деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

30.03.2025

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

28.03.2025

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

28.03.2025

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

27.03.2025

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

27.03.2025

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті

26.03.2025
MalimBlocks
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиадаға жолдама алды

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

Еліміздегі 7 футбол клубы сатылымға шығарылмақ

Париждегі саммит: Еуропа басшылары Украинаны қолдауды күшейтпек

Енді мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға қаржы бөлінбейді

Сенат бюджетті тиімді пайдалану үшін спорт туралы заңға түзетулер енгізді

Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті