Министр: Сәрсеновадан ақша алғам жоқ

Олжас Қасым

  • 14.05.2021

Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА халық алдында онлайн есеп берді. facebook.com әлеуметтік желісі арқылы Мalim.kz сайтының тілшісі министр есебін тыңдады.

Министрдің есебін бар-жоғы ондаған адам ғана тыңдады. Пікір жазушылар арасынан ауылдық мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасы қашан түзеледі деген сұрақты көзіміз шалып қалды. Ал көбіне балет әртісі Болат АЮХАНОВ, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВ бастаған адамдар министрліктің жұмысын мақтаумен болды.

Ақтоты РАХМЕТОЛЛАҚЫЗЫ елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ есімдерін қатар-қатар атап, атқарылған жұмыстарын баян етті. Қысқасы, 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы жетістіктеріне тоқталып, алға қойылған жоспарлармен де бөлісті. Сондай-ақ, өзіне қатысты сұраққа да жауап берді.

«Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес шығармашылықпен айналысуға құқылы. Мен композитормын. Өз жеке шығармашылығыммен министр қызметінде айналыса аламын. Мысалы сіздер журналистер ертең мемлекеттік қызметке барсаңыздар өз мамандықтарыңызды тастамайсыздар ғой. Сол сияқты. Ал енді «Нартай» фильміне келетін болсақ. Гүлнар Сәрсенованың киносына музыка жазғам жоқ. Демек қаламақы да алдмадым. Бұл өтірік ақпарат», - деп жауап берді министрі брифингте қойылған сұраққа.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ-да даулы «Нартай» фильмінің саундтрек авторы Ақтоты Райымқұлова деген ақпарат тараған еді. «Нартайды» даулы дейтініміз оның режиссеры Гүлнар Сәрсенова Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы болғанда 400 млн аса мемлекет қаржысын жымқырды деп күдікке іліккен. Бірақ қылмыстық іс қозғалғанда Сәрсенова ханым жасағынан «өкініп» мемлекет қаражатын қайтарып берді. Және оп-оңай жазадан құтылып кетті.

Байланысты жаналықтар

Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

01.01.2022

Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

23.09.2021

Мұсайбековке айыппұл салынды. Райымқұлова отставкаға кете ме?

12.08.2021

Министр Райымқұлова – ойыншық

20.05.2021

Туризмнің дамуына барлық жағдай жасалған

15.05.2021

БАҚ: Мәдениет және спорт министрінің орынбасары ұсталды

22.02.2021
MalimBlocks
Әйгілі актриса ескерусіз қалмасын!

Есімі елге кеңінен белгілі, өнерін халық іздеп жүріп көретін актер Бекжан Тұрыс Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке өте орынды ұсыныс жасап отыр

Райымқұлованың қырық бір күнге созылған үнсіздігі

Мұсайбековке айыппұл салынды. Райымқұлова отставкаға кете ме?

Министр Райымқұлова – ойыншық

Туризмнің дамуына барлық жағдай жасалған

Мәдениетпен қоса спорт пен туризмді қатар басқаратын министрліктің ел игілігіне жасар қызметі шаш етектен

БАҚ: Мәдениет және спорт министрінің орынбасары ұсталды