Олимпиадада жүлде алған тұңғыш қазақ қызы болғым келеді – Абиба Әбужақынова

Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Сабина Асқарқызы

  • 20.05.2024

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл оның дүниежүзілік додадағы екінші қоласы. Бұған дейін 2022 жылы Ташкентте де тұғырдың үшінші сатысынан көрінген. Жарыстан кейін спортшы тілшілерге сұхбат беріп, эмоциясымен бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Абу-Даби татамиінде жарысты  екінші айналымнан бастаған қазақ дзюдошысы әуелі Түркия, сосын Словакия мен Бразилия құрамасының спортшысын таза жықты. Ал жартылай финалда моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавудоржға қосымша уақытта (golden score) есе жіберді. 

Астанадағы Grand Slam турнирінде мені күрестірмеді. Бапкерлерім бұған дейін көп жарысқа қатысты деп демалыс берді. Сөйтіп, осы әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалдым. Басты мақсатым алтын болды.  Жапон қызын күтіп едім. Бірақ ол маған дейін жеңілді. Жартылай финалда мені сүріндірген моңғол қызына бұған дейін Азия чемпионатында өз қателігімнің салдарынан есе жіберген едім. Бұл жолы ол басқаша дайындалып келіпті. Өздеріңіз білесіздер, мен солақаймын. Ол тактикасын өзгертті. Сол жағы ыңғайсыздық тудырды. Қола жүлде де  жақсы  көрсеткіш деп ойлаймын. Себебі, олимпиадаға бір қадам қалды. Бұйырса, олимпиадада финалға жетіп, алтын алу үшін барымды саламын, - дейді Абиба Әбужақынова.

Отандасымыз қола жүлде үшін белдесуде түрік палуаны Тугче Бедердің осал тұсын тапты. Осылайша, Абужақынова дүниежүзі бәсекесінде екі жүлде алған тұңғыш қазақстандық әйел татами шеберіне айналды.

Бүгін екі түрік қызымен кездестім. Португалияның Одивелаш қаласында өткен Гран-приде  Сила Ерсінді қола жүлде үшін тартыста жеңгенмін. Бүгін тағы бастапқы бәсекелерімнің бірінде ұттым. Үшінші орынға күрескен түрікпен бірінші рет кезігіп тұрмын. Бапкерлер сол қолыңды байлап күрескенін дұрыс деп айтты. Ол да солақай екен, сол техникамен күресіп, жеңіп шықтым, - дейді спортшы.

Дзюдодан Париж Олимпиадасындағы басты үмітіміз сонымен қатар жанкүйерлерге алғыс айтуды да ұмытпады.

Барлық қарсыластарымды зерттеп шықтым. Солай жеңіп шықтым. Жанкүйерлерімнің маған деген қолдауын сезініп, барлық жарыста қазақ елінің атын шығару үшін барымды саламын, - дейді ол.

Абиба алда келе жатқан олимпиадада алтын алғысы келетінін атап өтті.

Жарақаттарыммен жұмыс істеп, иығымды сақтап келе жатырмын. Олимпиадада жүлде алған тұңғыш қазақ қызы болғым келеді. Кішкене болсын қателік жіберуіме болмайды. Олимпиадаға 1,5 ай уақыт қалды. Қазақ елінің атын шығарғым келеді, - дейді Абиба Әбужақынова.

Айта кетейік, Абиба 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған.
Фото: International Judo Federation

Байланысты жаналықтар

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты сенсациямен басталды

15.11.2024

Енді легионерлерге бюджеттен ақша берілмейді

13.11.2024

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

13.11.2024

Астанада самбодан әлем чемпионаты өтіп жатыр

09.11.2024

Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті

08.11.2024

Қазақстан жас боксшылары әлем чемпионатында 6 алтын алды

04.11.2024
MalimBlocks
Дзюдодан Қазақстан чемпионаты сенсациямен басталды

Енді легионерлерге бюджеттен ақша берілмейді

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Шавкат орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жұдырықтасуы керек болатын

Астанада самбодан әлем чемпионаты өтіп жатыр

Онда көру қабілеті нашар спортшыларға арналған турнир де бар

Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті

Қазақстан жас боксшылары әлем чемпионатында 6 алтын алды

Еліміздің құрамасы алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды