Париж-2024: Елдос Сметов келесі кезеңге өтті

Ол бірінші айналымда басым дауыспен жеңіске жетті

Мәди Саматұлы

  • 27.07.2024

Париж-2024 Олимпиадасында дзюдодан сынға түсіп жатқан жерлесіміз Елдос Сметов 1 айналымда қарсыласынан басым түсіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол 60 келі салмақта белдескен болатын. Қарсыласы Нидерланд өкілі Торнике Чкадуамен өткен тартысты белдесуде екеуі де ұпай ала алмады. Белдесу соңында төрешілердің басым даусымен қазақстандық балуан жеңімпаз деп танылды.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл). Ал 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды.

Халықаралық Дзюдо федерациясының 2024 жылдың маусымында бекіткен тізім бойынша 60 келі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 22 орында тұр.

Бүгін Қазақстан атынан тағы кімдер жарысқа қатысатынын мына сілтемеде көруге болады.

Фото: vesti.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

05.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды