Қатарынан екінші жеңіліс: Қазақстан құрамасы Австриядан оңбай ұтылды

Енді құрамамыз өз алаңында Словенияны қабылдайды

Сабина Асқарқызы

  • 11.10.2024

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында қатарынан екінші рет ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрамамыз үшінші ойынын сырт алаңда Австриямен өткізді.

Станислав Черчесов тізгінді ұстағалы Қазақстан әлі жеңіске жеткен жоқ. Бұған дейін Словениядан ойсырай жеңілген жерлестеріміз осы жолы Австрияға да қарсылық көрсете алмады.

Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында алаң иелері қақпамызға төрт гол тулатты. Бірінші таймда Кристоф Баумгартнер есеп ашса, екінші таймда Филипп Линхарт, Марсель Забитцер мен Маттиас Зайдль мергендік танытты.

Бұған дейін екі құрама өзара төрт мәрте кездескен. Қазақстандық футболшылар екі мәрте қарсыласына есе жіберсе, екеуінде құрамалар тең нәтиже тіркелген. Бесінші матч ірі есеппен Аустрияның пайдасына шешілді. Қорытынды есеп - 4:0.

Топтың екінші ойынында Словения қонақта Норвегиядан ұтылды. Есеп – 3:0.

Қазақстан өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орында қалды.

Енді біздің ұлттық құрама 13 қазанда Алматыда Словенияны қабылдайды.

Фото: sports.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады