Қазақстан командасы Анталиядан құр қайтты

Қазақстан ерлер және әйелдер командасы қатысқан 23 балуан жүлдесіз қайтты

Malim Админ

  • 03.04.2022

31 наурыз  judo күресінен Қазақстан командасы Түркияның Анталия қаласындағы халықаралық жаттығу лагеріне қатысып, Grand Slam турнирінде бақ сынауға аттанған болатын. Татами шеберлерінің әлемдік бәсекесі 1-3 сәуір аралығында өтті. Анталия татамиінде ел намысын қорғау үшін елімізден 23 спортшы қатысты. Олар:

Қазақстан ерлер командасының құрамы:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев;

66 келі: Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев;

73 келі: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов;

81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Барак Арқабай, Дидар Хамза;

90 келі: Ерсұлтан Мұзаппаров

100 келі: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан;

+100 келі: Жамбыл Тұрғынәлиев.

Қазақстан әйелдер командасының құрамы:

52 келі: Гаухар Ирмағамбетова;

57 келі: Севара Нышанбаева;

63 келі: Мөлдір Нарынова;

70 келі: Зере Бектасқызы;

78 келі: Аруна Жангелдина;

+78 келі: Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.

Сонымен өз мәресіне жеткен Анталиядағы Grand Slam турнирінде Қазақстан ерлер және әйелер командасы қатысқан 23 балуан да жүлдесіз қайтты.

Сәуірдің 1-3 аралығында өткен Grand Slam турниріне әлемнің 63 елінен 525 (312 ер, 213 әйел) татами шеберлері бағын сынаған жарыста жалпы командалық есепте Грузия 2 алтын 2 күміс медальмен бірінші орын алса, екінші орынға 2 алтын 1 күміс 4 қола медаль алған Франция жайғасты. Ал Бразилия командасы 1 алтын 1 күміс 3 қола медалімен үшінші орын, Венгрия 1 алтын 1 күміс,1 қола медалімен төртінші орынды иеленді. Үздік бестікті 1 алтын,1 күміс алған Моңғолия балуанлдары түйіндеді.

22 жастағы моңғол балуаны Баасанхүү ересектер арасындағы халықаралық жарысқа шыққанына көп болмаса да қатарынан Grand Slam турнирінің 3 медальін жеңіп алды. Болашақта өз салмағының мықтысына айналары сөзсіз, қазірден өзін дәлелдей бастады. -60кг салмақта Токио олимпиадасында сенсация жасап күміс жүлде алған Тайпейлік Ян Юн Вэй Токиодан кейінгі алғашқы жарысына қатысып жолындағының бәрін жаңғақша шағып жеңімпаз атанды. Жасаған әдістерінде керемет, көз ілеспес жылдамдықпен жасалған техникасында айтар жоқ екен. Токио олимпиадасында бекерден бекер күміс жүлде алмағанын дәлелдеді. Бұл салмақта күресен Бауыржан Нарбаев күміс жүлде алған Грузин балуанына екінші айналымда есе жіберді. Тағы бір балуанымыз Мағжан Шамшадин Португалия дзюдошынан ұтылып қалды. Ал 66 келі салмақта Молдавалық Виеру Денис ешкімге дес жіберген жоқ. Бұл салмақта Елдос Сметов үшінші айналымында Моңғол балуаны Ё.Басхүүге есе жіберсе, Ғұсман Қырғызбаев Испания балуанынан айласын асыра алмады. Алайда осы жолғы Grand Slam турнирінен қатты байқалған нәрсе – төрешілер кей сәттерде бұра тартып жатты, бір емес бірнеше рет қайталанды. IJF барлығын қарап, келесі жарыстарда ондай келеңсіздіктерді болмдырмауға жол бермейтін шығар деп үміттенеміз, – дейді тәуелсіз спорт шолушысы Анық Көкенайұлы.

Қазақстан командасы жалпы есепте 25 орынды қанағат тұтты. Тек 73 келі салмақта өнер көрсеткен Жансай Смағұлов 5 орынға жетті. Алайда осы салмақтағы балуандардың рейтингісі бойынша Жансай Смағұлов көш бастып тұрған болатын, өкінішке қарай Анталияда медалге қол жеткізе алмады. Сондай-ақ, Ерсұлтан Мұсаппаров пен Жамбыл Тұрсынәлиев 1/8 финалына дейін жетіп, жарыс жолынан шығып қалды. Осылайша балуандарымыз демалыстап жата алмаса да, Анталияны бір көріп қайтты...

 

Бақытбек Асқар

Байланысты жаналықтар

Париж-2024: қазақстандық дзюдошыларға қанша жолдама бұйырды

05.06.2024

Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде қазақ балуандарының барлығы жеңіліп қалды

20.05.2024

Қазақ қызы Ғалия Тынбаева Астанадағы халықаралық жарыста чемпион атанды

10.05.2024

Әлем чемпионатында қазақ дзюдошылары жерге қарап тұр  

10.05.2023

Татами шеберлерін таразыласақ...

26.03.2021
MalimBlocks
Париж-2024: қазақстандық дзюдошыларға қанша жолдама бұйырды

60 келіде Олимпиадаға кім баратыны 7 маусым күні анықталады.

Дзюдодан әлем чемпионатының екінші күнінде қазақ балуандарының барлығы жеңіліп қалды

Қазақстандық бес балуан жарысты бірінші белдесуден аяқтады.

Қазақ қызы Ғалия Тынбаева Астанадағы халықаралық жарыста чемпион атанды

Бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды.

Әлем чемпионатында қазақ дзюдошылары жерге қарап тұр  

Дохада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан Ұлттық командасы толық құрамда барған болатын. Алайда әлем біріншілігі ортасына таяғанына қарамастан үкілеп аттандырған татами шеберлері әлі жүлдеге қол жеткізген жоқ

Татами шеберлерін таразыласақ...