Қазақстандық көкпаршылар көкбөрі ойынына дайындалып жатыр

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында көкпаршылар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Malim Админ

  • 15.08.2024

«ДКО аясында көкпар және көкбөрі ойындары өтеді. Қазір спортшылардың дайындықтары жақсы. Басты қарсылас ретінде Қырғызстан мен Өзбекстанды айтар едім. Егер біз көкпардан жеңісімізге сенімді болсақ, көкбөрі ойынынан мүмкіндіктеріміз тең дәрежеде. Біраз жылдан бері көкбөрі ойнаған жоқпыз.

Десе де жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз» - , деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев. 

Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Наурызбай Қалтаев байрақты бәсекеге дайындық жайлы және көкпар мен көкбөрінің айыырмашылықтары турасында айтып берді. 

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген дайындығымыз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Екі спорттың айырмашылығы тайм санында – көкбөріде үш тайм ойналады, ал көкпарда екеу. Көкбөріде қазандыққа, ал көкпар жерге сызылған шеңберде ойналады», - деп атап өтті Наурызбай Қалтаев. 

Көкбөрі сайысы бойынша әр командадан 12 қатысушы болады. Спортшылардың дайындығы үшін Көкпар федерациясы тәжірбиелі кеңесшілерді тартқан. Оқу-жаттығу жиындары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

Еске сала кетейік, Республикалық «Көкпар» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Аударыспақ», «Бәйге», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады. 

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Фото авторы: Мақсат Шағырбай, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының жеке мұрағатынан

Байланысты жаналықтар

АҚШ құрамасы Қазақ еліне рахмет айтып, әсерлі видео жариялады

15.09.2024

Қырғыз көкпаршылары шеттетілмек немесе айыппұл арқаламақ

14.09.2024

ҰҚК қырғыз көкпаршысына «қысым көрсетілгеніне» қатысты мәлімдеме жасады

13.09.2024

Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

13.09.2024

Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

12.09.2024

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын жүлде бар

12.09.2024
MalimBlocks
АҚШ құрамасы Қазақ еліне рахмет айтып, әсерлі видео жариялады

Олар Көшпенділер ойындарында көкпар және көкбөріден сынға түсті

Қырғыз көкпаршылары шеттетілмек немесе айыппұл арқаламақ

Финалындағы келеңсіз жайтқа қатысты мәлімдеме жасалды

ҰҚК қырғыз көкпаршысына «қысым көрсетілгеніне» қатысты мәлімдеме жасады

ҰҚК тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады

Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

Көкпарда қамшысын сілтеп жіберсе, аса бір арызданатын жағдай емес

Осыншалықты әділетсіздік жасайды деп ойламадық - қырғыз көкпаршысы

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынында 32 алтын жүлде бар