Садақ атудан Азия кубогінде жерлесіміз күміс жеңіп алды
Ильфат Абдуллин Оңтүстік Корея спортшысына ғана есе жіберді
Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты. Ол команда мүшесі Ильфат Абдуллиннің еншісінде, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық Олимпиала комитетінің мәлімдеуінше, Абдуллин классикалық садақ атудан құрлық додасының финалына шығып, Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді. Сөйтіп маусымдағы маңызды жүлделердің біріне қол жеткізді.
Одан бөлек, блоктық садақ атудан Андрей Тютюн Азия кубогінде топ жарып, жеңіске жеткен еді.
Айта кетелік, Ильфат Абдуллин бастаған Қазақстан құрамасы садақ атудан Париж Олимпиадсында өнер көрсетеді.
Фото: ҰОК