Шенеуніктерден қазақ тілінен жаңа тест алады

Malim Админ

  • 24.07.2020

Шенеуніктердің қазақ тілін қаншалықты білетіндері жаңа форматта анықталады. Бұл туралы Malim.kz сайты Мемлекеттік басқару Академиясына сілтеме беріп, хабарлайды.

Мемлекеттік басқару Академиясы қазақ тілін деңгей бойынша оқыту тұжырымдамасының негізіне сүйене отырып, «RESMI QAZTEST» деп аталатын  қазақ тілінен тестілеудің жаңа форматын әзірлеген.
Алғаш рет іске қосылғалы отырған тест мемелекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде  қазақ тілі балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін оқытылады, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілген, ал, жоғары оқу орнынан кейінгі тілді кәсіби саланың бағытына бейімдеп оқыту нормативті-құқықтық тұрғыдан  қарастырылмаған. Мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі қазақ тілін ауызекі стилінде ғана қолданады, ресми стильдің жазылымы мен мәтін құрастыру техникасын, әдіс-тәсілдерін жоғары оқу орнында игермеген,   көпшілік алдында сөз сөйлеудің стратегияларын қолданбайды»,дейді «RESMI QAZTEST» тестілеуін құрастырушылардың бірі, Мемлекеттік тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі Нәзигүл Төленбергенова.

Ресмиқазтест әлемдік тәжірибелерді ескере отырып әзірленген және тыңдау, көпшілік алдында сөйлеу, ресми оқу, ресми жазу және CEFR сынды халықаралық тестілеу орталықтарының орфографиялық нормаларын қамтиды:  базалық деңгей (В1, В2) және еркін деңгей (С, С2). Үміткердің қазақ тілін меңгеру құзыреттілігін анықтауға арналған «RESMI QAZTEST» тыңдалым, лексика-грамматика, жазылым, сұхбат бөлімдерінен тұрады.

14 шілде мен 31 шілде аралығында үміткерлер аталмыш тестті APA.TALANTIZ.KZ онлайн платформасында тапсырады. Оқуға қабылданған, алайда мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі B1-ден төмен болғандар Академияның қашықтан оқыту курстарынан немесе өзге тіл орталықтарының курстарынан өту арқылы оқу жылы басталғанға дейін өз деңгейлерін талап етілетін межеге дейін көтерулері қажет.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?