Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Спорт
Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы  Серік Сәпиев Қазақстанның Сурдлимпиада ұлттық комитетінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құрметті достар! Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін президент ретінде кезектен тыс конференцияда комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Сурдлимпиадашылар алға! — деп жазды спортшы.

Бұған дейін Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы болып тағайындалған еді. 

Ол өзіне артылған сенім үшін алғыс айтып, есту қабілеті бұзылған адамдар арасында спортты одан әрі дамыту жолында күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Ұлттық Сурдлимпиада комитетін басқару мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – спортшылар мен ел алдындағы үлкен жауапкершілік. Біз Қазақстанда Сурдлимпиадалық спортты дайындау және дамыту мақсатында лайықты жағдай жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Спортшыларымыз қолдауды сезінуі және халықаралық аренада елімізді абыроймен көрсету мүмкіндігіне ие болғаны маңызды, - деді Серік Сәпиев. 

Фото: Instagram/qazaq_deaf_sport_committee

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу