Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тараздағы теракт жайлы деректі фильм түсіріледі

Спорт
Тараздағы теракт жайлы деректі фильм түсіріледі

Жамбыл облысы полиция департаментінің тапсырысымен «Тараздағы теракт» жайлы деректі фильм түсіріледі. Бұған бюджеттен 700 мың теңге бөлу қарастырылған.

«Бейнематериал  2011 жылғы 12 қарашада Жамбыл облысында  орын алған оқиғалар  салдарынан жеті адамның, оның ішінде құқық қорғау органдарының бес қызметкерінің өліміне әкеп соққан бірқатар аса ауыр қылмыстар және Халық Қаһарманы Ғ.Байтасов туралы болады», – деп түсіндірді полиция департаментінде.

Естеріңізге салайық, осыдан он жыл бұрын 34 жастағы Мақсат Қариев қару-жарақ дүкендерінің біріне қарақшылық шабуыл жасап, Тараз халқын дүрліктірді. Қылмыскердің қолынан құқық қорғау органдарының бес қызметкері мен жергілікті екі тұрғын қаза тапты.

Артынан Нұрсұлтан Назарбаев Қариевті ұстау кезінде  жанкештімен бірге жарылып кеткен капитан Ғазиз БайтасовқаХалық Қаһарманы атағын берді.

Прокуратура мәліметінше, Мақсат Қариев жихадшылар идеясын ұстанған

 

Авторы: Аделина Ауеспекова

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу