Тоқаев Кирилл Герасименконы Қазақстанның абсолют чемпионы атағымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кирилл Герасименконы үстел теннисінен Қазақстанның абсолют чемпионы атағына ие болуымен құттықтады

Сұлу Бөлек

  • 25.03.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кирилл Герасименконы үстел теннисінен Қазақстанның абсолют чемпионы атағына ие болуымен құттықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұл туралы спортшы Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мені жеңісіммен және Қазақстанның абсолют чемпионы атағына ие болуыммен құттықтады. Бұл – мен үшін үлкен құрмет. Сондай-ақ, жанымда болып, маған сенім білдірген және қолдау көрсеткен барша жанға алғыс айтамын. Әсіресе, Қазақстанға дамуға жағдай жасап, ел намысын қорғау мүмкіндігін бергені үшін ризашылығымды білдіремін", – деп жазды спортшы.

Герасименко Мемлекет басшысы қол қойған құттықтау хатының мәтінін де жариялады.

Спортшы Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылдың абсолют чемпионы атанды. Ол барлық санат бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Фото: ҰОК

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады