Жамағатпен намаз оқу арман болып қалды

Malim Админ

  • 18.09.2020

Жұма намазды жамағатпен мешітте оқымағандықтан кейбір адамдар бес уақыт намаздарын қаза етіп жатыр. Бұл туралы беліглі айтыскер Балғынбек ИМАШ instagram-ғы парақшасында жазды.

«Әссәләму ғаләйкум уә рахматуллаһи уә бәрәкәтүһ. Күндердің ұлығы жұманың берекеті сіз бен бізге болсын!
Өкінішке орай, мешітке барып, жамағатпен иық тіресіп, имамға ұйып жұма намазын оқу арман болып қалды. Бұл иманның әлсіреуіне әкеліп соғуда. Кейбір бауырларымыз тіпті, намазына ұқыпсыздық танытып, намазы оларды тәрк етіп, тастап қойып жатыр. Оның артында күнәға ұрыну, иманнан айырылу қаупі бар. Қиямет күні жақындағанда діннен шығу жебенің садақтан шығуы сияқты өте жылдам болады дейді. Таңертең мұсылман болған адам кешке кәпір болады, кешке мұсылман болған адам таңертең кәпір болады. Алла сақтасын! Жамағат болып жұма намаз оқымасақ та, жамағат болып уағыз тыңдамасақ та, ең болмаса, күн сайын тілімізді кәлимаға келтіріп күндіз-түні Зікір айта жүрейік.
Алла баршамызға хидаят берсін! Тура жолға салып, күнәларымызды кешіріп, иманымызды кәміл еткей!», - деп жазба қалдырған айтыскер.

Көктем айында пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланғанда Қазақстандағы барлық мешіттер наурыз айында жабылған еді. Карантин тәртібі өзгерген соң мешіттер ашылды. Жекелеген адамдар ғибадат жасай алады, жамағатпен намаз оқуға әзірше рұқсат жоқ. Неке қию үшін екі куәгерден басқа ешкім қабылданбайды.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды