Жамбыл облысының әкімі Елдос Сметовтің ата-анасына медаль тақты

Чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдірді

Сабина Асқарқызы

  • 30.07.2024

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметов төртжылдықтың басты додасында елімізге алғашқы алтынды сыйлап, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

«Елдос – ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әулиеата жұртының абыройын асқақтатты. Даңқты спортшы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың аңсаған арманын орындап, жеңісін 44 жылдан кейін қайталады. «Алып анадан туады» деген қазақта аталы сөз бар. Елдостың елдің баласы атанып, байрақты бәсекелерде топ жаруына ата-анасының сіңірген еңбегі, тәлім-тәрбиесі, жанұясының қолдауы зор», – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.

Өз кезегінде спортшының ата-анасы мемлекет және облыс басшылығына, барша жанашыр жанкүйерлерге деген ризашылықтарын жеткізді.

Фото: Жамбыл обылысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Милад Карими биылғы әлем кубогындағы 6-шы алтын жүлдесін жеңіп алды

28.04.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

24.04.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025
MalimBlocks
Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Милад Карими биылғы әлем кубогындағы 6-шы алтын жүлдесін жеңіп алды

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды