Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да 62 градус аяз болып жатқаны рас па?

Экология
ШҚО-да 62 градус аяз болып жатқаны рас па?
Фото: видеодан кадр

Бүкіл Қазақстан бойынша қыс мезгілі өз қаһарына мінді. Сақылдаған сары аяз, әсіресе Шығыс Қазақстан облысында айқын сезілуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде қыстың қытымыр мінезіне қатысты өз ойларын айтып, видео бөлісуде. Соның бірі - Алтай тұрғыны (бұрынғы Зырян). Видеода ер адам өздерінде сынап бағаны -62°С-ді көрсетіп тұрғанын айтады.

Сонымен қатар, Yk-news.kz өңірлік басылымының мәліметінше, Алтай ауданының Парыгино ауылында сынап бағаны -50°С-ден де төмен түскен.

"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі желідегі видео авторының мәлімдемесіне түсініктеме бере отырып, 2026 жылғы 16 қаңтарға қараған түні Алтай метеостанциясы тіркеген ауа температурасы минус 41,5°С-ді құрағанын нақтылады. Осылайша, метеорологтар әлеуметтік желідегі асыра жасалған мәлімдемелерді жоққа шығарады.

ШҚО-ның басқа қалаларына келетін болсақ, түскі сағат 14:00-дегі ауа температурасы Өскеменде: -26°С, Марқакөлде: -32°С.

"17-18 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты аяз болады деп күтіледі: -45°С", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу