freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да «Халық әуені» гастрольдік туры аясында мәдени іс-шаралар басталды

Мәдениет
ШҚО-да «Халық әуені» гастрольдік туры аясында мәдени іс-шаралар басталды
ШҚО әкімдігі

«Халық әуені» өнер керуені Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі Мәдениет үйінде өткен концерттік бағдарламада қазақтың ұлы композиторлары мен күйші-сазгерлері – Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ықылас, Дина Нұрпейісованың шығармалары, халық әндері, Шәмші Қалдаяқовтың туындылары және әлемдік классика шығармалары орындалды.

Шемонаиха ауданында тұрғындар мен қонақтардың назарына бас дирижер Дастан Ибрагимовтың жетекшілігімен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі өнер көрсетті. Кештің ерекше атмосферасын баритон Азат Мәлік пен опера әншісі Лаура Құмарханованың жоғары кәсіби шеберлікпен орындаған туындылары айшықтай түсті.

Мұндай іс-шаралар мәдениетті дамытуға, отандық өнерді насихаттауға елеулі үлес қосады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу