Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қоймаға жиналған су егістіктерді суаруға жұмсалады

Қоғам
Қоймаға жиналған су егістіктерді суаруға жұмсалады

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларындағы қазіргі жағдайды баяндады, деп хабарлайды Malim.kz.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Оның бәрі штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. 

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 88,5%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр. 

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші — 92,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толы.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 88,6%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалануға жіберіледі.

Фото: primeminister.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу