Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Шұғыл хабар!" – Зейнет жасын 70-ке дейін ұзартайын деп жатыр

Әлем
"Шұғыл хабар!" – Зейнет жасын 70-ке дейін ұзартайын деп жатыр
Sinenkiy / Getty Images

Германия Бундестагындағы ХДС/ХСС фракциясының жастар тобының жетекшісі Паскаль Реддиг елде зейнет жасын 70-ке дейін көтеру бастамасын көтерді. Саясаткердің айтуынша, реформа тек жастарға емес, баршаға әділ болуы тиіс және қоғамдағы әлеуметтік салмақ тең бөлінуі қажет, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір Германияда ресми зейнет жасы – 67, ал ерте зейнетке шығу мүмкіндігі 63 жастан басталады. Дегенмен, бұл үшін кемінде 35 жылдық еңбек өтілі болуы керек және мұндай жағдайда зейнетақы мөлшері қысқартылады.

Реддиг бұл жүйені қайта қарауды ұсынады. Оның пікірінше, ерте зейнетке шығу шарттарын қатаңдатып, төлем көлемін азайту қажет. Саясаткер "63 жастағы зейнетке шығу" тәжірибесін болашақта мүлде алып тастау керек деп есептейді. Сондай-ақ ол халықтың өмір сүру ұзақтығын ескере отырып, зейнет жасын кезең-кезеңімен көтеру қажет екенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, алдағы жылдары зейнетақы өсімі баяулайтындықтан, индексациялау жүйесін де түбегейлі өзгерту керек. Ол зейнетақыны жалақы өсіміне емес, инфляция деңгейіне байланысты есептеу әдісін енгізуді ұсынды.

"Бұл тәсіл әділеттірек әрі бюджет шығынын азайтады. Бұрынғыдай жаппай зейнетақыны көтеру алдағы жылдары мүмкін болмайды. Әйтпесе бүкіл зейнетақы жүйесі дағдарысқа ұшырауы ықтимал", – деді Реддиг.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу