freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сүйінші, ағайын! Қазақстан халқының саны рекордтық деңгейге жетті

Қоғам
Сүйінші, ағайын! Қазақстан халқының саны рекордтық деңгейге жетті
pixabay.com

Қазақстан халқының саны 2026 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша алғаш рет 20,5 миллион адамнан асты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының жалпы саны 20 518 005 адамға жеткен. Оның ішінде:

  • Қалалық тұрғындар – 13 106 358 адам;
  • Ауылдық тұрғындар – 7 411 647 адам.

Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға артқан. Оның 15,8 мыңы – табиғи өсім есебінен, ал 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы нәтижесінде тіркелген.

Айта кетейік, Қазақстан халқы 20 миллиондық межеге 2023 жылдың қарашасында жеткен болатын. Ал араға екі жылдан сәл асқан уақытта бұл көрсеткіш тағы да өсіп отыр.

Урбанизация үрдісі жалғасуда

Мәліметтерге сүйенсек, халықтың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қалалық тұрғындар үлесі шамамен 63-64 пайызды құрайды. Бұл урбанизация үдерісінің қарқынды жүріп жатқанын көрсетеді.

Өңірлер бойынша да халық саны әркелкі. Ең көп тұрғындар ірі мегаполистер мен оңтүстік өңірлерде шоғырланған. Атап айтқанда, Алматы, Астана және Шымкент қалалары халық саны бойынша алдыңғы орында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу