Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шығыс Қазақстан студенттері құқық қорғаушылармен емен-жарқын форматта пікір алмасты

Құқық
Шығыс Қазақстан студенттері құқық қорғаушылармен емен-жарқын форматта пікір алмасты
ФОТОЛАР: ©Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Облыс прокуратурасы мен облыс әкімдігі қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға бағытталған түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы негізгі басымдық жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға берілген.

Мамандардың айтуынша, жеткілікті ақпараттың болмауы немесе «жеңіл табыс», «әдемі өмір» сияқты жалған уәделерге сену жастарды түрлі құқықбұзушылықтарға тартуы мүмкін. Әсіресе алаяқтық, дропперлік, есірткі заттарын тасымалдау мен қалдыру, буллинг, лудомания секілді қылмыстарға бейімделу қаупі жоғары.

Осыған орай кезекті профилактикалық іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, оған үш университет пен 20 колледждің студенттері қатысты. «Галстуксыз» форматта өткен кездесу еркін әрі мазмұнды өтті.

«Галстуксыз» форматта өткен кездесу еркін әрі мазмұнды өтті.

Диалог барысында «Заң мен тәртіп – әр адамнан басталады», «Құқықтық тәртіп – дамыған қоғамның негізі», «Жастар – Қазақстанның болашағы» деген ұрандар басты қағида ретінде алынды.

Студенттер мен олардың кураторлары облыс прокурорларына, Өскемен қаласы Полиция басқармасының басшысына және қала әкімінің орынбасарына өздерін толғандырған мәселелер бойынша белсенді сұрақтар қойды. Аудиторияның негізгі қызығушылығы интернет-алаяқтықтан қорғану жолдарына, киберқылмыс түрлеріне, үшінші тұлғаларға жеке кәсіпкерлік ашудың тәуекелдеріне, сондай-ақ банк карталарын бөгде адамдарға берудің салдарына қатысты болды.

Студенттер мен олардың кураторлары облыс прокурорларына, Өскемен қаласы Полиция басқармасының басшысына және қала әкімінің орынбасарына өздерін толғандырған мәселелер бойынша белсенді сұрақтар қойды.

Сонымен бірге жеке деректердің қауіпсіздігі, балаларды тыйым салынған контенттен қорғау, қала көшелерін абаттандыру мен жарықтандыру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Барлық сауалдарға спикерлер тарапынан жан-жақты түсіндірме берілді.

Кездесу аясында анонимді блиц-сауалнама ұйымдастырылып, студенттер қағаз түрінде және QR-код арқылы 100-ден астам сұрақ пен ұсыныс жолдады. Олардың қатарында прокуратура органдарына жұмысқа орналасу талаптары, медициналық қызмет сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерге қатысты ұсыныстар болды. Бірқатар мәселелер сол жерде талқыланып, нақты жауаптар берілді.

Студенттер мен олардың кураторлары облыс прокурорларына, Өскемен қаласы Полиция басқармасының басшысына және қала әкімінің орынбасарына өздерін толғандырған мәселелер бойынша белсенді сұрақтар қойды.

Іс-шара қорытындысы бойынша әрбір білім беру ұйымында студенттерден құралған «Заң. Тәртіп. Болашақ» қозғалысын құру туралы шешім қабылданды. Бұл бастама жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталмақ.

Жалпы, кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу