Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

Сұқбат
Шымкентте алты баланы өрттен құтқарған тұрғынға баспана берілді

Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков президентке хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға пәтер кілтін табыс етті.

«Жаңа жыл қарсаңында «Тілектер шыршасы» дәстүрлі акциясында София Уркумбаева президенттің атына хат жазған болатын. Жалдамалы пәтерде әкесімен бірге тұратын кішкентай қыздың тілегі орындалып, үш бөлмелі пәтерге ие болды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

 

Сонымен қатар, төрт бөлмелі пәтердің кілті Марина Гафароваға табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 16 желтоқсанына қараған түні тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды байқаған әйел отқа оранған үйдің терезесін сындырып кәмелетке толмаған балаларды сыртқа шығарды.

 

ФОТО: Шымкент қаласының әкімдігі

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу