Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды

Оқиға
Шымкентте бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды
видеодан скриншот. otyrar.kz

Шымкентте Абай ауданында бүтін бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz пен OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға түтін шығару мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі себеп болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Оқиғаға байланысты Шымкент Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады. Қала тұрғындарына газ жабдықтарын уақтылы тексеріп отыру, түтін шығару мұржаларының дұрыс орнатылуы мен жарамдылығын қадағалау, сондай-ақ газ құралдарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасу ұсынылады.

Құтқарушылар көмірқышқыл газының иіссіз болатынын және адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екенін еске салды. Тұрғындардан қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарау сұралды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу