Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте дәрігерлер Қытай медицинасынан дәріс алды

Денсаулық
Шымкентте дәрігерлер Қытай медицинасынан дәріс алды

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «№2 оңалту орталығы» базасында реабилитолог-дәрігерлер, невропатологтар, ортопедтер, кардиологтар және терапевтер үшін халықаралық оқыту-практикалық курсы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқыту бағдарламасы Астана қаласындағы халықаралық «Сиань» клиникасының медицина ғылымдарының докторлары: Цзо Цзя, Хэ Вэй, Цзя Чжунлин және Сара Жамалиеваның жетекшілігімен  жүргізілген.

Қытай дәрігерлері оңалту орталығының жұмысымен танысып, церебральды сал ауруы бар бірнеше пациентті қабылдап, кеңес берді.

Сонымен қатар дәстүрлі қытай медицинасының негіздері, диагностика мен емдеудің негізгі қағидаттары, церебральды сал ауруын емдеудегі терапия мен оңалтудың заманауи тәсілдері, инсульттан кейінгі оңалтуы: денсаулықты қалпына келтірудің тиімді әдістері бойынша дәрістер өткізілді.

Бұл оқытудың мақсаты – Шымкент қаласының дәрігерлерін жыл бойы оқыту, білім мен тәжірибе алмасу және неврологиялық науқастарды кешенді емдеуде инновациялық әдістерді енгізу болып табылады.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу