Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкенттік дәрігерлер 1 келіге де жетпей туған баланы аман алып қалды

Денсаулық
Шымкенттік дәрігерлер 1 келіге де жетпей туған баланы аман алып қалды

28 шілдеде Шымкенттегі №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 27-апталық бала дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сәбидің туған кезде салмағы бар-жоғы 970 грамм, ал жағдайы ауыр болған.

Дәрігерлердін айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.

"Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестелер потология бөліміне ауыстырдық", - дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.

"Қазіргі таңда ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ" дейді дәрігерлер. Ал баланың салмағы 1 512 граммға жеткен. Бала өздігінен дем алады.

Фото: otyrar.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу