Дзюдодан Астанада басталған Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қазақстандық Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Отандық балуан 60 келіде финалдық кездесуде моңғолиялық Бямбасүрэн Сухбатпен белдесуде осалдық танытты. Осылайша ол дәстүрлі турнирдің күміс жүлдесін иеленді. Ол финалға дейін үш белдесу өткізіп, барлығында басым түсті.
Сондай-ақ, аталған салмақта қазақстандық тағы бір балуан Шерзод Давлатов қола жүлде үшін күресте отандасы Мағжан Шамшадинді қапы қалдырды.
Айта кетейік, бүгін татамиге шыққан Қазақстан балуандарының алтауы жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі 10 мамырда аяқталады.