Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тамызда қазақстандықтар 10 күн демалады

Қоғам
Тамызда қазақстандықтар 10 күн демалады

2025 жылы қазақстандықтар Тамыздың соңында атап өтілетін Конституция күніне байланысты ұзақ демалысқа шығады, – деп хабарлайды Malim.kz.

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

Бұдан бөлек, тамыз айының өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Атап айтқанда:

  • 2–3 тамыз,
  • 9–10 тамыз,
  • 16–17 тамыз,
  • 23–24 тамыз,
  • 30–31 тамыз күндері – ресми демалыстар.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу