Ақтөбеде танымал рэп орындаушы Qarakesek психотроп затты заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Омар Аманбаев (Qarakesek) сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілген. Соңғы сөзінде ол кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды, емделуге мүмкіндік беруді сұраған. Ол айыппұл немесе қоғамдық жұмыс тағайындауды өтінген.
Оның сөзінше, төрт баланы тәрбиелеп отыр және мамандардың көмегіне мұқтаж.
"Сот оған 100 сағат қоғамдық жұмыс және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем қабылдау жазасын тағайындады", - деді Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы Тұрсынхан Салықов.
Еске салайық, бұған дейін полиция танымал рэп орындаушы Qarakesek-ке қатысты есірткі сақтады деген күдікпенсоталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды. Ол қыркүйектің басында ұсталған болатын. Одан ұнтақ тәрізді заты бар зип пакет табылған.