Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таразда тұрғын үйді жөндеуге бөлінген 59 млн теңге жымқырылған

Қоғам
Таразда тұрғын үйді жөндеуге бөлінген 59 млн теңге жымқырылған

Тараз қаласының прокуратурасы «Т» ЖШС қызметін тексеру барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған төртжақты келісімшартта тұрғындардың қолтаңбаларының қолдан жасалғанын анықтады.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады.

Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған.

— Шілде айында Тараз қаласы прокуратурасының нұсқауымен бұл дерек ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша Тараз қаласы ПБ-ның СДТБТ-на тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар серіктестік қызметін тексеру нәтижесінде, 2025 жылы мамыр айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға бөлінген 59 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактісі бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді, — делінген Жамбыл облысының прокуратурасы хабарламасында.

Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. 

Фото: Видеодан алынған скрин


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу