Грузияда өткен әлем чемпионатында командалық жарысқа ел атынан Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.
Үшінші орын үшін қазақстандықтар Францияның атақты құрамасымен шайқасып, 45:31 есебімен басым түсті.
Осылайша тарихта алғаш рет командалық жарыста әлем чемпионатының медалін жеңіп алды.
2023 жылы Руслан Құрбанов жеке есепте қола медальді жеңіп алған болатын.
Фото: ҰОК