freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік қақпашылар рейтингіне енді

Спорт
Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік қақпашылар рейтингіне енді
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Алматылық «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков 2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы маусымындағы «құрғақ» матчтар көрсеткіші бойынша үздік қақпашылар тізіміне енді, деп хабарлайды Malim.kz.

Transfermarkt жариялаған рейтингте 22 жастағы голкипер 36-орынға тұрақтаған. Ол турнирдің негізгі кезеңіндегі алты кездесудің бірінде ғана қақпасын голдан аман сақтап, 16,7 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді. Дәл осындай нәтиже Пари Сен-Жермен қақпашысы Люка Шевалье мен пражалық Славия Прага ойыншысы Индржих Станек көрсеткішіне тең.

Transfermarkt дерегінше, Анарбековтың трансферлік құны 400 мың еуроға бағаланған. Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алты ойында ол «Қайрат» сапында 13 гол жіберді. Соған қарамастан, қақпашы УЕФА нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы атанған алғашқы қазақстандық футболшы ретінде тіркелді.

Айта кетейік, «Қайрат» клубы биыл өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Сегіз тур қорытындысында алматылық команда жеті рет жеңіліп, бір рет тең ойнап, турнир кестесінде соңғы — 36-орынды иеленді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу