Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Алматыға келді

Саясат
Тоқаев Алматыға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Алматы қаласына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. 

Баспасөз хатшысының сөзінше, Президент жедел штаб отырысын өткізіп, қаза тапқан әскери қызметкерлердің жақындарымен кездескен.

"Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза болған полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өтті. Президент көңіл айтып, наградалар табыстады", - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, бұған дейін желіде қалаға тікұшақ қонғаны жайлы және қала көшелерімен кортеж жүріп өтіп, Rixos қонақүйіне кіргені көрсетілген видео тараған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу