freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев АҚШ-пен стратегиялық серіктестік бағытын айқындады

Саясат
Тоқаев АҚШ-пен стратегиялық серіктестік бағытын айқындады
Фото: Ақорда

2026 жылғы 18 ақпанда америкалық беделді басылым — The National Interest журналында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Сенімділік – жаңа күш» атты мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы жаһандық турбуленттілік жағдайында Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымын айқындап, халықаралық саясатта прагматизм, егемендік және жауапкершілік қағидаттарына басымдық берілетінін атап өтті.

Президент өз мақаласында АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамашы болған Бейбітшілік кеңесін құру идеясын қолдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан бұл бастамаға қосылу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Тоқаевтың айтуынша, қазіргі әлемдік тәртіп декларативті ұрандарға емес, жанжалдарды реттеудің нақты тетіктері мен тұрақты экономикалық дамуға негізделуі тиіс. Оның пікірінше, сенімділік – мемлекеттердің ұзақмерзімді серіктестігін қамтамасыз ететін басты фактор.

Мақалада Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту, қауіпсіздік, энергетика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де қозғалған. Президент Қазақстанның халықаралық бастамаларда жауапты серіктес болуға дайын екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу