freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев екі маңызды заңға қол қойды

Саясат
Тоқаев екі маңызды заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті ОРЕС Халықаралық даму қорымен жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру келісімін және Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Заңның толық мәтіні жақын арада баспасөзде жарияланады, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңға да қол қойды. Бұл заңның мәтіні де баспасөзде жарияланатын болады.

Екі заң да Қазақстанның халықаралық қарым-қатынасын нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу