Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Нығматулинді партиядан да шығарды

Саясат
Тоқаев Нығматулинді партиядан да шығарды

Нұрлан Нығматулин «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесі құрамынан шығарылды. Бұрынғы мәжіліс спикері партия құрамынан шығару туралы шешім  «Нұр Отанның» кезектен тыс съезінде қабылданған.

«Нұрлан Нығматулин «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінен шығарылды» делінген ресми хабарламада.  

Партияның кезектен тыс құрылтайы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқанын айта кету керек. Осыдан дәл бір ай бұрын Тоқаев Нығматулинді мәжіліс спикері қызметінен де босатып, орнына президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановты тағайындаған.  1 ақпан күні «өз еркімен» орнын босатқан Нығматулин және оның туыстарының шет елге кеткені туралы да қауесет тараған.

Нығматулин мәжіліс спикері болып тұрғанда бұрынғы президент Назарбаевқа еліктеп, депутаттар мен ведомство басшыларына дауыс көтеріп сөйлейтін «асабалығымен» көзге көп түскен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу