АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі жаңадан құрылатын халықаралық «Бейбітшілік кеңесіне» мүше болу үшін мемлекеттерден 1 млрд доллар көлемінде жарна талап етуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Алайда Ақ үй бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны «жаңылыстыратын мәлімет» деп атады. X әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемеде «Бейбітшілік кеңесіне» мүшелік үшін белгіленген ең төменгі жарна жоқ екені айтылған. Ақ үйдің түсіндіруінше, сөз тек бейбітшілікке, қауіпсіздікке және өркендеуге бейілдігін көрсеткен серіктес мемлекеттерге тұрақты мүшелік беру туралы болып отыр.
Bloomberg дерегіне сәйкес, жаңа халықаралық органның алғашқы төрағасы Дональд Трамптың өзі болуы тиіс. «Бейбітшілік кеңесіндегі» мүшелік мерзімі үш жылмен шектеледі, алайда төраға бұл өкілеттікті ұзарту құқығына ие болады.
Сонымен қатар Reuters агенттігі қазіргі таңда Bloomberg жариялаған ақпаратты тәуелсіз түрде растау мүмкін болмағанын хабарлады.