Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің отырысында АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға арнайы тоқталып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Жиын барысында Дональд Трамп Қазақстанды «тамаша әрі бай мемлекет» деп бағалап, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа назар аударды. АҚШ президентінің мәліметінше, Қазақстан Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында әскери қызметкерлер мен полиция өкілдерін жіберуге келісім берген.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сізге көп рахмет! Бұл қандай ел десеңіз, бұл – керемет әрі бай мемлекет. Егер біреулерде қандай да бір күмән туындаса, бүгін мұнда өте бақуатты адамдар қатысып отыр», - деді Дональд Трамп Вашингтонда өтіп жатқан Бейбітшілік кеңесінің отырысында.
Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды.
“Мен Бейбітшілік кеңесінің аясында президент Дональд Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынғым келеді. Бұл марапат оның бейбітшілікті нығайту жолындағы айрықша жетістіктерін мойындауға бағытталмақ”, – деді Тоқаев.