Бүгін – ҚР Халық әртісі, актер Нұржұман Ықтымбаевтың туған күні
Алматы облысы Кербұлақ ауданында дүниеге келген.
Бүгін (1941) белгілі актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаевтың туған күні, деп хабарлайды Malim.kz.
Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған. Алматы музыка училищесін, Панфилов педагогикалық училищесін және «Қазақфильм» студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған.
Кинодағы мансабы кездейсоқ басталған. Болашақ киноактердің ауылына келген «Мазасыз таң» фильмінің түсіру тобы оны фильмге түсіруге шақырады. 1968 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының актері.
Актер кинода әрқилы болмысты, мінезді кейіпкерлер бейнесін жасады, мысалы, «Адамдар арасындағы бөлтіріктегі» тұйық, қатаң мінезді, «Сталинге сыйлықтағы» жұмсақ мінезді, бірақ бірбеткей, ал «Барлаушыдағы» қарапайым, шығысқа тән даналық көрінетін кейіпкерлер, тағы басқалар.
Актердің соңғы жұмыстарынан француз актері Ж. Депардьемен бірге түскен «Кеш оянған махаббат» фильмін атауға болады.
Актер анимациялық ленталарды дыбыстауға да қатысады («Қадырдың бақыты», 2000).
2007 жылы «Жол қараушы» фильміндегі ролі үшін «Адал жүрек» кинофестивалінде бас жүлдені, 2009 жылы «Шәкен жұлдыздары» фестивалінің ең үздік актері, 2009 жылы Чебоксарыдағы МКФ - «Сталинге сыйлық», «ең үздік ер адам ролі үшін» сыйлығын, Қасым ролі үшін Бүкіламерикалық өнерді қолдау қауымдастығының арнайы жүлдесіне («Сталинге сыйлық») ие болған.
Фото: qazaq1913.com