Қош бол, ағатайым!

Бұл –  суыт хабар қалың қазаққа да ауыр соққы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен өнері үшін де орыны толмас өкініш.

Malim Админ

  • 10.01.2025

Қазақ қара сөзінің қара нары, алаштың жолын қуған алдаспан қаламгер, көне жыраулардың күмбірін бүгінге ұластырған данышпан, ежелгі түріктердіңі ерлік тарихын жаңғыртушы  кемеңгер жазушы, менің қайран көкем, абыз ағатайым, классик жазушы Мұхтар ағам өмірден өтті деген қаралы хабар мұхиттан асып жеткенде қабырғам қайысып кетті.   Бұл –  суыт хабар қалың қазаққа да ауыр соққы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен өнері үшін де орыны толмас өкініш.

 Мұхтар ағатайым Жаңа жылдың алдында, 20 қарашада мен қатарлы іні-бауырларына қоңырау шалып,  сыр ақтырысып, алғыс-батасын берген еді. Аздап емшара қабылдап жүргенін айтқанымен Қоңыр дауысы тұнық, ойы жігерлі, көңілі шат болғандықтан мәз мейрам боп, баршамыз қуанысып қалған едік. Алда болатын 85 жылдық мерейтойына шығармашылық дайындық жасауды да жоспарлап, бір топ дарынды іні-қарындастарына хабарласып, ағаның сәлемін де жеткізіп,қуанып отырған едік.  Амал нешік, міне, бүгін суық хабар жүрегімді қарып кетті. Қайран ағатайым, қаламға адал сертін беріп, сырын ақтарыла сөйлеп, артына 26 том көл-көсір мұра қалдырды, нені айтса да, нені жазса да жасқанбай, жаутаңдамай, батылдықпен, батырлықпен алғаусыз айтып өтті, алашын рухани сергек болуға, тамырлы тарихын, мәйекті мәдениетін ардақтауға үйретті, шынайы да жасампаз ұлт, іргелі де өркениетті жұрт болуға үндеді, қаймана қазағына, өзі ерекше  үміт артқан жас буынға қайрат беріп, отанымыздың гүлденуге ересен еңбек ететініне кәміл сенді. Қазақ елі барда, алаш жұрты барда, мұраңыз мәңгі сөнбейді, алауыңыз өшпейді, көктегі күнмен бірге, атар таңмен бірге алашыңыздың жүрегінде мәңгі жасай бересіз, Мұхтар ағатайым. Аттила, Оғыз хан, Күлтегін, Йолықтегін, Шыңғысхан,Қасымхан, Есімхан рухымен бірге халқыңызға демеу, мәңгі қорған бола бересіз!  Бақұл болыңыз, рухыңыз бейіште шалқысын, Алла алдыңыздан жарылқасын. Қош бол, ағатайым!

Ақеділ Тойшанұлы, әдебиеттанушы, ғалым.

Байланысты жаналықтар

«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

03.02.2025

Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

14.01.2025

Ақберен Елгезек: Мағауин елден талақ үшін емес, қазақ үшін кетті...

14.01.2025

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

13.01.2025

Мұхамеджан Тазабек: Мағауин бізге талақ айтып, қайырылмай кетті...

13.01.2025

«Келіспеген кездеріміз болды, онда тұрған ештеңе жоқ». Дулат Исабеков Мағауиннің отбасына көңіл айтты

13.01.2025
MalimBlocks
«Қазақты құрту»: Мұхтар Мағауин соңғы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы не айтты

Мұхтар Мағауин тұңғыш президент жүргізген саясатты сынаған.

Журналист Мағауинмен болған сұқбаттың жалғасын 1 жылдан кейін жариялады

Ақберен Елгезек: Мағауин елден талақ үшін емес, қазақ үшін кетті...

Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты көңіл білдірді

Мұхамеджан Тазабек: Мағауин бізге талақ айтып, қайырылмай кетті...

"Ол біздің мақтау түгілі жоқтауымызды керек қылмай, мұхиттың арғы жағында мәңгілікке маңдай тіреді" деді ол.

«Келіспеген кездеріміз болды, онда тұрған ештеңе жоқ». Дулат Исабеков Мағауиннің отбасына көңіл айтты