Жазушы Рақымжан Отарбаев

Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған.

Аялдар Күнтуған

  • 27.11.2024

Белгілі жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев (1956-2018)  19 қазанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданында туған.

1977 жылы Орал педагогика институтын бітірген. Әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде тілші, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ телерадио комитетінде редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, Қырғызстанда Қазақстан елшілігінің атташесі, Маңғыстау облыстық радиотелевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінде сектор меңгерушісі, Ұлттық кітапхананың директоры қызметтерін атқарды. 

Жазушының «Шер», «Жұлдыздар құлаған жер», «Жайық жыры», «Қараша қаздар қайтқанда», «Дауысыңды естідім», «Отверженный мир» секілді көптеген прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы шықты. Қытайдың «Ұлттар» баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. «Бейбарыс сұлтан», «Бас», «Нашақор жайлы новелла», «Нұржауған-ғұмыр», «Сырым батыр», «Мұстафа Шоқай» сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған. Махамбет сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық Айтматов академиясының академигі.