Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында ауыл тұрғыны мен қызын өз үйінде өлтіріп кеткен

Құқық
Түркістан облысында ауыл тұрғыны мен қызын өз үйінде өлтіріп кеткен

Облыстағы жантүршігерлік қылмыс жайлы «Астана» телеарнасы хабар таратты, деп хабарлайды Malim.kz.

Телеарна мәлімдеуінше, Келес ауданы Біртілек ауылының тұрғыны мен оның қызын өз үйінде жауыздықпен өлтіріп кеткен. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. Күдікті із суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді, деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Фото: astanatv.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу