Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

Экономика
Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

2024 жылдың қорытындысы бойынша республика халқының орташа газбен қамтылу көрсеткіші 62,4%. Оның ішінде, Түркістан облысы халқының 85,5% немесе 563 елді мекеннің 69,7%-ы табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші бойынша республикада 8-орынға жайғасты.


Өткен жылы бюджеттен 27,3 млрд теңге бөлініп, 115 нысан құрылысы іске асырылды. Оның ішінде, 70 нысан құрылысы аяқталса, 45-і 2025 жылға өтпелі. Биылғы жоспарға сәйкес, 64 нысанға 9,7 млрд теңге қаралып, 34 елді мекендегі 38 нысан құрылысы аяқталмақ. Сондай-ақ, 2026 жылға өтпелі 26 нысанға 23,5 млрд теңге қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Энергетика министрлігі арқылы «Самұрық-Қазына» қоры есебінен облысқа 9,4 млрд теңге қаржы бөлу жоспарлануда. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жыл қорытындысымен 45 елді мекендегі, яғни 84 мың халық табиғи газға қосылады. Нәтижесінде 89,4% облыс тұрғыны табиғи көгілдір отынмен қамтылмақ. Сонымен қатар, құны 25,7 млрд теңгені құрайтын 45 нысан республикалық бюджеттің кезекті нақтылауына ұсынылған.

Фото: Gov.kz 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу