freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда 600-ден аса малды құжатсыз тасымалдағандар ұсталды

Құқық
Түркістанда 600-ден аса малды құжатсыз тасымалдағандар ұсталды
видеодан скрин

Түркістан облысында автожолдарда мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, арнайы операцияға 90 полиция қызметкері мен 43 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Тексеру жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылып, облыс аумағындағы негізгі бағыттар толық қамтылды.

Жеті тәуліктің ішінде полицейлер мал тиеген 48 жеңіл-жүк көлігін тоқтатты. Нәтижесінде 38 автокөліктен тиісті құжаттарсыз тасымалданған 613 мал анықталды. Құжатсыз мал тасымалдаған жүргізушілер заң аясында шара қолдану үшін қалалық және аудандық полиция басқармаларына жеткізілді, — делінген ведомство хабарламасында.

Қазір полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу