Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркияда жоғалған екі қазақстандықтың денесі табылды

Саясат
Түркияда жоғалған екі қазақстандықтың денесі табылды

Түркияда зілзала кезінде  жоғалып кеткен  Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылды.

9-ақпан күні таңғы 9-да іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, Әділ Қадырбеков үйінді астынан шығарылды. Алайда, ол аман қалмады.  Оны марқұмның туыстары растады.

Ал бүгін неше күннен бері із-түзсіз кеткен Мирболат (Мирус) Құрмашевтің денесі табылды Бұл жайында Түркияның Хатай қаласында жер сілкінісінен кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге аттанған бастамашыл топ Telegram парақшасында мәлімдеді. «Біз одан айырылып қалдық» деп жазылған хабарламада.

Мирболат Құрмашевтің денесін біздің құтқарушылар үйінді астынан алып шыққан. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, зілзала кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу