freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

UFC Конор Макгрегордың келесі жекпе-жегін ресми жариялады

Спорт
UFC Конор Макгрегордың келесі жекпе-жегін ресми жариялады
Ашық дереккөзден

UFC ирландиялық файтер Конор Макгрегордің келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Ол америкалық Макс Холлоуэймен қарымта кездесуде күш сынасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жекпе-жек UFC 329 турнирінің басты айқасы болады. Кездесу 2026 жылғы 11 шілдеде Лас-Вегас қаласында өтеді. Қос спортшы жартылай орта салмақта (77,1 келіге дейін) октагонға шығады.

Макгрегор мен Холлоуэй алғаш рет 2013 жылдың тамызында кездескен. Ол кезде ирландиялық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді.

14 шілдеде 38 жасқа толатын Конор Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде жекпе-жекке шыққан. Сол кездесуде ол Дастин Порьеден жеңіліп, аяғын ауыр жарақаттап алған болатын. Оның кәсіби мансабында 22 жеңіс пен 6 жеңіліс бар.

Макгрегор UFC тарихындағы алғашқы екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған файтер саналады. Ол жартылай жеңіл және жеңіл салмақ белбеулерін иеленген.

Ал 34 жастағы Макс Холлоуэй де осы дивизиондарда өнер көрсеткен. Ол жартылай жеңіл салмақта чемпион болған. Қазір жеңіл салмақ рейтингінде төртінші орында тұр.

Холлоуэй кәсіпқой мансабында 27 рет жеңіп, 9 мәрте жеңілген. Соңғы айқасын биыл наурызда өткізіп, Чарльз Оливейраға төрешілер шешімімен есе жіберді. Сол кездесуде ол BMF («ең қауіпті файтер») символикалық белбеуінен айырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу