Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үкіметте фермерлердің жұмысындағы кедергілер талқыланды

Экономика
Үкіметте фермерлердің жұмысындағы кедергілер талқыланды

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі дала жұмыстары жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында фермерлердің егін жинаудың үздіксіз жүргізілуіне кедергі келтіретін проблемалары қалай шешілетіні талқыланды. 

Отырыс барысында астық кептіру агрегаттарын қолжетімді бағадағы сұйытылған газдың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселесі оң шешілді. Сұйық отынмен кептіру агрегаттары бар алты өңірдің әкімдіктері қажеттілік көлемін бұрынғы 21,5 мың тоннадан 19,3 мың тоннаға дейін төмендетті. Қазірдің өзінде Энергетика министрлігі төмендетілген құны бойынша 5,5 мың тонна бөлген болса, қалған 14 мың тонна көлемі өндірушіден коммерциялық баға бойынша сатып алынатын болады. Фермерлер үшін отын бағасын арзандату мемлекет есебінен жүргізіледі. Қазіргі уақытта барлық алты аймаққа кептіргіштерге сұйытылған газ жеткізілуде. Күзгі-дала жұмыстарына дизель отынын жөнелту кесте бойынша жүргізілуде. 16 қыркүйектегі дерек бойынша, 209,6 мың тоннадан астам жөнелдітлді, бұл жоспардың 59%-ы.

Фото: gov.kz, ҚР үкіметі
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу