freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытауда конституциялық реформаның жай-жапсары талқыланды

Қоғам
Ұлытауда конституциялық реформаның жай-жапсары талқыланды
ФОТО: © Ұлытау әкімідігінің баспасөз қызметі

Ұлытау облысының орталығында аймақ басшысы Дастан Рыспековтің жетекшілігімен «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» атты маңызды басқосу өтті. Жиынның басты өзегі – алдағы конституциялық өзгерістердің мән-жайын халыққа жеткізу және ел болашағын айқындайтын реформаларды жан-жақты саралау болды.

Өңір әкімі өз сөзінде 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумның тарихи жүгіне тоқталып, бұл шараның жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызы зор екенін атап өтті. Ақпан айының ортасынан бастап облыс көлемінде «Әділ, прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аймақтық коалиция белсенді жұмысқа кіріскен. Бұл бірлестік елдегі негізгі саяси күштердің – Amanat, «Ақ жол», «Ауыл», Respublika және Қазақстан Халық партиясы филиалдарының басын қосып отыр. Сонымен қатар коалиция қатарына кәсіподақтар мен ардагерлер кеңесінің қосылуы реформаны қолдаудың жалпыхалықтық сипат алғанын айғақтайды.

ФОТО: © Ұлытау әкімідігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында конституциялық жобаның ашықтығы мен жариялылығына ерекше басымдық берілді. Спикерлердің пайымдауынша, жаңа құжат — тек заңгерлердің еңбегі емес, ол халықтың тікелей қатысуымен және ашық пікір алмасу алаңдарында пысықталған маңызды жоба. Әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге мүмкіндік алуы заңдылықты нығайтып, заманауи талаптарға сай шешімдер қабылдауға жол ашқан.

Жиынды қорытындылай келе, облыс басшысы кез келген реформаның жемісті болуы қоғамдағы өзара түсіністік пен әрбір қазақстандықтың белсенді азаматтық ұстанымына тікелей байланысты екенін жеткізді. Қазіргі таңда Ұлытау өңірінде референдумға дайындық және кешенді ақпараттық науқан жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу