freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Университет түлектерінің үштен бірі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді – Дания Еспаева

Қоғам
Университет түлектерінің үштен бірі өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді – Дания Еспаева
parlam.kz

Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында жоғары білімді кадрларды даярлау мәселесі қаралды. Жиында Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева еңбек нарығындағы бірқатар түйткілді атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығының нақты сұранысына толық сәйкес келмей отыр.

Еңбек нарығындағы сұраныс мемлекеттік білім беру тапсырысы түзетілгеннен әлдеқайда жылдам өзгеруде, бұл бір мамандықтар бойынша артық даярлауға, ал басқалары бойынша тапшылыққа әкеледі. Нәтижесінде жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығының трансформациясына ілесе алмай отыр, ал түлектердің құзыреттері жұмыс берушілердің қазіргі талаптарына сәйкес келмейді, — деді ол.

Еспаеваның айтуынша, білім беру бағдарламалары мен жұмыс берушілер талаптарының арасындағы алшақтық әлі де сақталып отыр.

Оқу жоспарларын жаңғырту жеткіліксіз – оқытушылардың оқыту тәсілдерін қайта қарастырып, заманауи технологиялар мен әдістерді меңгеруі қажет. Олардың ойлау жүйесінің трансформациясы жоғары білім беруді жаңартудың негізгі шарты болып табылады. Осыған байланысты профессорлық-оқытушылық құрамды жасанды интеллектті тиімді пайдалануға дайындау басты міндетке айналып отыр, – деді Дания Еспаева.

Айта кетейік, бұған дейінгі болжамдарға сәйкес, 2035 жылға қарай Қазақстанда 562 кәсіп түрі, яғни еңбек нарығының шамамен 44%-ы (4 миллионға жуық жұмыс орны) жасанды интеллектінің ықпалымен өзгеруі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу