Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үш аймақта жол жабылды

Қоғам
Үш аймақта жол жабылды

 «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz. 
2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 08:30–дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Батыс Қазақстан облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 273-393-шақырым аралығы (Барбастау ауылы — Жымпиты ауылы).

Жетісу облысы

• «Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығы (Көктұма ауылы — Достық стансасы).

Маңғыстау облысы

• «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолының 332-632-шақырым аралығы (Бейнеу елді мекені — Шетпе елді мекені).

2025 жылғы 31 желтоқсанда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады. 

— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу