Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үстіртте Орталық Азия барысы қайта бой көрсетті

Экология
Үстіртте Орталық Азия барысы қайта бой көрсетті

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында Орталық Азия барысы қайта анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Орталық Азия барысын зерттеу және қорғау жөніндегі Халықаралық жоба аясында орнатылған фототұзақтардағы мәліметтерді тексеріп шықты.

Бұл жоба National Geographic гранттары мен Segré қорының қолдауымен, сондай-ақ, Conservation X Labs, BRCC және АСБК ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылады. Қуантарлық жаңалық, 2024 жылдың 29 қазаны мен 21 желтоқсан аралығында фототұзақтарға барыс 4 рет түсіп, қорық аумағына қайта оралғаны анықталған.

Бұл мәліметтер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді. «Орталық Азия барысының қайта оралуы – бұл Үстірт экожүйесінің қалпына келуінің символы әрі біз жүргізген бірлескен күш-жігердің нәтижесі, дейді қорық қызметкерлері.

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу