АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбия басшысы Густаво Петроны есірткі саудасына қатысы бар деп айыптап, бұл елге қарсы арнайы операция жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Malim.kz.
Interfax агенттігінің хабарлауынша, Трамп Венесуэладағы сценарийге ұқсас қадам жасалуы ықтимал екенін меңзеген. Оның айтуынша, Колумбияны "кокаин өндіріп, оны АҚШ аумағында сатуды қолдайтын адам басқарып отыр".
"Оның кокаин зауыттары бар", – деді Трамп президенттік пулға кіретін журналистерге.
АҚШ-тың Колумбияға қарсы операция жүргізуі мүмкін бе деген сұраққа ол қысқа ғана:
"Маған бұл тартымды естіледі", – деп жауап берген.
Айта кетейік, 3 қаңтарда АҚШ арнайы жасағы Каракаста Венесуэла президенті **Николас Мадуро**ны ұстап, оны АҚШ-қа жеткізгені хабарланған. Онда оған есірткі саудасына қатысы бар деген айып тағылмақ. Ал 5 қаңтарда Мадуро Нью-Йорктегі федералдық сот алдында жауап береді деп жоспарланған.